17:04, 18 Қараша 2025 | GMT +5
Ислам Евлоев Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалі үшін күреседі
АСТАНА. KAZINFORM — Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Ислам Евлоев Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты.
Отандасымыз 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін белдеседі.
ҚР ҰОК мәліметінше, жартылай финалда Евлоев алжирлік Сид Бачирден басым түсті. Шешуші белдесуде қазақстандық балуан әлем чемпионы (82 келі) Голамреза Фарохимен (Иран) кездеседі.
Бұған дейін таеквондошы Бауыржан Хасенов Ислам ойындарының алтын медаліне таласатынын жазған болатынбыз.
Камила Аймукашева Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.