Ислам ынтымақтастығы ойындары: Отандық каратэші қола медальға ие болды

АСТАНА. KAZINFORM — Каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Дайяна Даренская Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

каратэ
Фото: ҰОК

Қазақстандық спортшы 68 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті.

Даренская қола медаль үшін өткен жекпе-жекте Сауд Арабиясының өкілі Марьям Альсалахты сенімді түрде жеңді.

Осыған дейін зілтемірші Любовь Ковальчук Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлде еншілегенін жазғанбыз. 

Ал бұдан бұрын ауыр атлет Артем Антропов Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлде алғаны хабарланды.

Күні кеше каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Никита Тарнакин Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды.

Соңғы жаңалықтар