Ислам Каримовтің қызы отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің қызы Лола Каримова Өзбекстанда 1 қыркүйекте аталып өтілетін Тәуелсіздік күні қарсаңында республика тұрғындарының еңбекқорлығы мен мейірімділігін атап өтіп, оларды мерекемен құттықтады.
«Отандастарымды шын жүректен Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Еңбекқор, аса дарынды адал Өзбек халқына бақыт тілеймін, еліміз гүлденіп, биік шыңдарды еңсере берсін! Берекелі жерімізде бейбітшілік мәңгілік орнап, тыныштық болсын, әр ұлт өкілдері арасындағы толеранттылық пен бір-біріне деген құрмет арта берсін!
Осы сәтті пайдаланып, Президентіміздің тез сауығып кетуі үшін білдірген шынайы көңілдеріңіз бен қолдаудалыңыз үшін алғыс білдіргім келеді! Бұл біз үшін өте қажет. Жүректеріңіздің түбінен шыққан ізгі ниеттеріңіздің күші оның сауығып кетуіне сеп болатынына сенімдімін! Барлықтарыңызға рахмет!» - деп жазды инстаграмға.