Ислам конференциясы ұйымы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл кеңесін өткізуді талап етуде

АСТАНА.  Қарашаның  2-сі. ҚазАқпарат -    Ислам конференциясы  ұйымы   Иерусалимдегі   қасиетті      орындардың төңірегінде  қалыптасқан    жағдай  бойынша БҰҰ Қауіпсіздік  кеңесінің  шұғыл кеңесін өткізуді  талап  етуде. 
None
None

   Ислам конференциясы  ұйымы Атқарушы комитетінің    мәлімдемесінде  осылай   делінген,  деп   хабарлайды   «Азаттық»  радиосы.

 Мәлімдемеде    Ислам конференциясы ұйымына  қатысушы барлық  елдерге, сондай-ақ   ұйым жанындағы бақылаушы  мәртебесіне  ие Ресейге    осынау бастамаға қосылу  туралы  үндеу     жасалған.

 Құжатта атап көрсетілгендей,    БҰҰ Қауіпсіздік   кеңесінің  шұғыл   кеңесін өткізуге   Иерусалимдегі   қасиетті     жерлерге   Израиль полициясының  қол сұғушылық әрекеттері  себеп  болып  отыр.    Бұл жерде  мұсылмандардың   қасиетті   орындарының бірі -   Әл-Ақса  мешіті   орналасқан  Храм тауында  өткен аптада орын  алған  оқиғалар  себеп  болып отыр. Өткен аптада Храм  тауындағы    мұсылмандар  үшін  қасиетті    орын саналатын  Әл-Ақса  мешітінің  маңында   Израиль полициясы   санының  күшейтілуі  себепті,  тәртіпсіздіктер орын  алған болатын.         Израиль полициясы  мен   араб    шерушілерінің арасында болған   қақтығыстан        ешкім  қатты зардап шеккен жоқ, бірақ 18 адам    тұтқындалды.

Соңғы жаңалықтар