Ислам конференциясы ұйымының бас хатшысы барша қауымды мұсылман жаңа жылымен құттықтады

АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат - Ислам конференциясы ұйымының бас хатшысы Екмелледин Ықсаноғлы барша мұсылман қауымды хижра бойынша 1430 жылдың келуімен құттықтады.
None
None
«Бүкіл әлем мұсылмандары бұл күндері жаңа 1430 жылды тойлауда. Бұл - хижра бойынша жаңа жыл мен григориан күнтізбесі бойынша жаңа жыл қатар келген сәтті сәйкестік», делінген ұйым басшысының құттықтауында. ҚазАқпарат бұл туралы сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Е.Иқсаноғлы сондай-ақ, Ислам конференциясы ұйымының жаңа жылда өзінің 40 жылдығын тойлағалы отырғанын атап көрсеткен. Барша мұсылмандарды Исламдағы төзушілік идеясын күшейтуге шақырған ол, «төзушілікпен, қайырымдылықпен және бауырмалдықпен теңестірілетін біздің дініміздің шынайы келбетін жасауға, радикализм мен экстремизммен бөліп қарастыруға» үндеді. Ислам әлемі желтоқсанның 28-і күні күн батқаннан бастап жаңа 1430 жылды қарсы алғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Бұл атаулы мейрам Мұхаммед Пайғамбар мен оның серіктерінің Меккеден Ясрибқа көшуімен байланысты. Кейіннен Ясриб қаласының атауы Мәдина болып атала бастаған. Мұсылмандар бұл мейрамды жария етіп тойламағанымен, бұл күні адамдардың бірін-бірі құттықтауы жақсы әдеп саналған.
Соңғы жаңалықтар