Ислам лигасы конференциясының қатысушылары Қазақстан туралы жақсы пікірлерін білдірді - Әбсаттар қажы Дербісәлі

АЛМАТЫ. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Шілденің 31-і мен тамыздың 2-сі аралығында Сауд Арабиясында өткен әлемдік Ислам лигасы конференциясының қатысушылары Қазақстан туралы жақсы көзқарастарын білдірді.

Ислам лигасы конференциясының қатысушылары Қазақстан туралы жақсы пікірлерін білдірді - Әбсаттар қажы Дербісәлі

Бұл туралы бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сол елде жүргенде жұма күні әл-Харам мешітіне барып, еліміз үшін дұға қылдық. Халқымыздың тыныштығын, амандығын тіледік. Ал конференцияда мен Елбасымыздың жиынға арнайы жолдаған хатын оқыдым. Сонда қатысушылар мен Бас хатшы, доктор, профессор Абдалла Бен Абдел Мухсин Ат-Турки де біздің Президентіміз туралы көп мақтаулар айтты. Сонымен бірге, еліміз туралы жақсы пікірлерін білдіріп жатты. Біздің мерейіміз көтеріліп қалды», дейді Әбсаттар қажы.