Ислам Махачев Шавкат Рахмоновқа қарсылас атануы мүмкін

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегінде тегі палестиналық Белал Мұхамедпен UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпиондығына таласпақ. Бір қызығы, егер Шавкат чемпион атанып жатса, қазіргі жеңіл салмақ чемпионы, дағыстандық Ислам Махачевпен жекпе-жекке шығуы мүмкін.

Шавкат Рахмонов пен Ислам Махачев
Фото: Шавкат Рахмонов пен Ислам Махачев\ UFC\ Спорт Шредингера

Бұл болжамды Kazinform тілшісіне Шавкат Рахмоновтың өкілі Бауыржан Өтәлиев айтып берді.

– Қазір Шавкат Рахмонов салмағын 77 келіден асырмай, бір қалыпта оңай ұстап тұр. Сондықтан алдағы уақытта салмақ ауыстыру жөнінде бас қатырмайды. Дегенмен 70 келіге дейінгі жеңіл салмақтағы чемпион Ислам Махачев жартылай орта салмаққа көшуі ғажап емес.

Мысалы, Шавкат Белалды жеңсе, ал Ислам басты қарсыласы Арман Царукянды жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалса, дағыстандық екі салмақ бойынша чемпион атануға ұмтылады. Осылайша ол 77 келіге ауысып, Шавкат пен Исламның кездесуін көріп қалуымыз мүмкін, – деді ол.

Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

Сондай-ақ Шавкат Рахмонов неге ирландиялық қарсыласы Иэн Гарриды әрең жеңгенін де түсіндірген болатынбыз.

Ал Хабиб Нурмагомедов Шавкатты лайық көрмей ме немесе Шавкат Рахмонов – Белал Мұхамед жекпе-жегі қашан өтетінін білгіңіз келсе, мына жерден оқыңыз. 

Соңғы жаңалықтар