«Ислам мемлекеті» лаңкестері Ирактағы Киркук провинциясының 200 бейбіт тұрғынын тұтқынға алған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ислам мемлекеті лаңкестері Ирактағы Киркук провинциясының 200 бейбіт тұрғынын билік күшімен байланысы бар деген себеппен кепілге алған, деп жазады ТАСС.

«Ислам мемлекеті» лаңкестері Ирактағы Киркук провинциясының 200 бейбіт тұрғынын тұтқынға алған

Бұл туралы жұма күні ирандық Fars агенттігі хабарлады.

«Ислам мемлекеті» ұйымының лаңкестері Ирактағы Киркук провинциясына қарасты аз-Заб ауданы Әл-Халауат ауылының 200-ден аса тұрғынын билік күшімен байланысы бар деген себеппен ұрлап кеткен», - деп жазылған агенттік хабарламасында. Лаңкестер тұтқынға алынған адамдарды ИМ тобының басшысының мекенжайы туралы ақпаратты Ирактың қауіпсіздік органдарына жариялады деп айыптап отыр.