«Ислам мемлекеті» шабуылынан сақтанған сириялық күрдтер Түркияға қашты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия билігі елге лап қойған босқындардан сақтану үшін Сириямен шектесетін шекарадағы бірнеше бақылау-өткізу бекетін жапты, деп хабарлады ВВС.

«Ислам мемлекеті» шабуылынан сақтанған сириялық күрдтер Түркияға қашты

Соңғы екі күн ішінде Түркияға «Ислам мемлекеті» содырлары шабуылынан қашқан 70 мыңға жуық сириялық күрдтер кірген. Жексенбі күні босқындар ішінен туысқандарын іздеп, шекараға жиналған күрдтер мен Түркияның арнайы қызметкерлері арасында қақтығыс болды. Керісінше, кейбір күрдтер содырлармен соғысу үшін Сирия жаққа өтіп кетпек болған. Бұған дейін Содырлар Сирияның Кобани қаласына таяп қалғаны туралы хабарланған болатын.