«Ислам мемлекеті» ұйымы «Twitter» компаниясының басшысына қоқан-лоққы көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Twitter Inc компаниясының өкілдері «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобынан қоқан-лоққы көріп, АҚШ-тың күштік құрылымдарынан пана сұрауға мәжбүр болды. Нақтырақ айтқанда, содырлар «Twitter Inc» компанияның басшысы Джек Дорси мен қызметкерлеріне өшіккен, деп жазады «РИА Новости».

«Ислам мемлекеті» ұйымы «Twitter» компаниясының басшысына қоқан-лоққы көрсетті

Бүған дейін ғаламторда «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы атынан ашылған Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшаны компания басшылығы жапқаны туралы ақпарат тараған болатын.

Осыдан кейін «ИМ» содырлары «Twitter» басшысы Джек Дорсиге «істегенің алдыңнан шығады» деген мазмұнда хабарла жолдаған.

Еске сала кетейік, 2014 жылы АҚШ мемдепартаменті мен қорғаныс министрлігі «Twitter» және Youtube видео-хостингі басшыларына радикалды топтың аккаунттарын жабу туралы өтініш жолдаған.

Бұған АҚШ журналисі Джеймс Фоулидің өлімі туралы видеоның жариялануы түрткі болды.