«Ислам мемлекетінің» Ирактағы лаңкестері бес адамнан тұратын отбасыны тірідей өртеп жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ислам мемлекеті» тобының лаңкестері содырлар басып алған аумақтан қашып кетпек болған жеті адамнан тұратын отбасыны тірідей өртеп жіберді. Бұл туралы Иранның Press TV телеарнасына сілтемемен ТАСС.
«ИМ тобының лаңкестері содырлар басып алған аумақтан қашып кетуге әрекеттенген бес адамнан тұратын отбасыны тірідей өртеп жіберді. Арасында үш бала болған оларды сейсенбі күні Ирактың солтүстігіндегі Киркук қаласының Рияд ауданында, жұрттың көз алдында өртеп жіберген», - делінген телеарнаның хабарламасында.
ИМ азаматтық тұрғындарға топтың бақылауындағы аудандардан кетуге тыйым салды. Содырлар Ирак әскері мен қауіпсіздік күштерінің шабуыл операциясы жағдайында бұл адамдарды тірі қалқан ретінде пайдаланбақ.
Сондай-ақ 10 мамырда лаңкестердің Мосулдан оңтүстікке қарай орналасқан Каяр қаласының маңында мамыр айының басында ұрыс алаңынан қашып кеткен 35 содырды тірідей көміп тастағаны туралы хабарланып отыр. Сол кезде ИМ Ирактың солтүстігіндегі Башир ауылын қадағалауынан жіберіп алған.