«Ислам мемлекетінің» содырлары қүрдтер жасағының төрт мүшесін өлтірді

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - «Ислам мемлекетінің» содырлары күрдтердің Ирактағы «Пешмерга» жасағының төрт мүшесін азаптап өлтіріп, бұл сойқан түсірілген видеоны әлеуметтік желілерге салды.

«Ислам мемлекетінің» содырлары қүрдтер жасағының төрт мүшесін өлтірді

Арабтың «Әл Арабия» арнасының хабарлауынша, экстремистер ұйымдастырған кезекті қастандықпен өлтіру АҚШ арнайы жасағы мен күрд күштерінің таяуда өткізген рейдіне жауап ретіндегі «жазалау актісі» болды. Өткен аптада одақтастар Иракта арнайы іс-қимылдар жүргізіп, соның нәтижесінде «Ислам мемлекетінің» түрмесінен 70-ке жуық адамды босата алды.

Экстремистер түсірген бейнеде содырлардың «Пешмерга» қозғалысының өкілдері болып табылатын төрт ер адамның басын пышақпен кескені көрсетілген. Құрбандар сарғылт түсті комбинезондар киген. Өлім жазасы белгісіз жерде өткізілді.

«Ислам мемлекеті» Ирак пен Сириядағы ірі аумақтарды бақылауынан шығармай, оларды «халифат» деп жариялады. Өз кезегінде, американдық коалиция 2014 жылдың тамызында содырларға әуеден соққы жасап, Ирак әскері мен күрд құрылымдарына қолдау танытты.