Ислам «Олимпиадасы» Әзербайжан елінде өтетін болды
АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Шілде айының 21-25-і аралығында Жидда қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы спорт федерациясы бас қауымдастығының мәжілісінде Бүкіләлемдік ислам ойындарын өткізу құқығын Баку қаласы жеңіп алды.
Бұл жайында Hurriyet хабар таратты.
Ислам ынтымақтастығының кезекті ойындары үстіміздегі жылы Индонезияда өтетін болады.
Аталмыш қауымдастық мәжілісінде әзербайжандық Шыңғыс Хұсейнзада ISSF-тың вице-президенті болып қайта сайланды.
Muslim.kz сайтының жазуынша, ISSF бас қауымдастығының келесі мәжілісі 2015 жылы Баку қаласында өтеді.