Ислам ойындары: Азат Махметов Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды
БАКУ. ҚазАқпарат - Бакуде өтіп жатқан IV Ислам ынтымақтастық ойындарында қазақстандық боксшы Азат Махметов мароккалық қарсыласын 4:1 есебімен жеңіп, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальды салды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Әзербайжандағы меншікті тілшісі.
Бұл медаль Ислам ынтымақтастық ойындарындағы қазақстандықтардың алғашқы алтыны.
Еске сала кетейік, 12-22 мамыр аралығында Әзербайжан астанасы Бакуде IV Ислам ынтымақтастық ойындары өтуде. Ойындарға 54 елден шамамен 3500 спортшы қатысуда. Қазақстан атынан бес спорт түрінен 32 спортшы қатысып жатыр.