Ислам ойындары: Боксшы Очкин жартылай финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 69 келі салмақтағы қазақстандық боксшы Илья Очкин Бакуде өтіп жатқан IV Ислам ынтымақтастық ойындарының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sports.kz.

Ислам ойындары:  Боксшы Очкин жартылай финалға шықты

Ширек финалдық айқаста ол пәкістандық Аршад Хуссаинан   5:0 есебімен басым түсті.

Енді жартылай финалда қазақстандықтың қарсыласы әзербайжандық Тамерлан Абдуллаев болмақ.

Жекпе-жек 17 мамырда кешкі сессияда өтеді.