Ислам Салимов Лондонда болатын паралимпиадалық ойындардың жолдамасын еншіледі

АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өткен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан халықаралық турнирде алдағы уақытта болатын паралимпиадалық ойындарына жолдама сарапқа салынды
None
None

«Аламан» порталының мәліметінше, бұл турнирде жерлесіміз Ислам Салимов ұзындыққа секіруден алдына жан салған жоқ. Сондай-ақ, ол 400 метрге жүгіруден күміс алды. Жерлесіміз 800 метрге жарысуда мәре сызығын төртінші болып кесті. Одан кейін аталмыш елдің Шардж қаласында өткен ол халықаралық турнирде ұзындыққа секіру мен 200 метр жүгіруден бірінші орын алды. Осының нәтижесінде қызылордалық спортшы халықаралық турнирлерде екі мәрте нормативті орындады. Ол енді Лондонда болатын паралимпиадалық ойындарда бақ сынайтын болады.

И.Салимов 1989 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2004 жылдан бастап жеңіл атлетикамен айналысады. Қазір халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болған. Сондай-ақ, қайсар мінезді жігерлі жігіт екі дүркін Азия ойындарының қола жүлдегері атанған.

Соңғы жаңалықтар