Исламабад маңында апатқа ұшыраған ұшақ бортында 150-дей адам болған
АСТАНА. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат - Пәкістанның елордасы - Исламабад қаласының маңында ұшақ апаты болды, деп хабарлайды ВВС радиостансасы.
Алдын-ала мәліметтер бойынша, ұшақ бортында 150-ден астам адам болған. Апаттың себебі мен зардап шеккендердің нақты саны анықталуда. Оқиға орнына құтқарушылар мен жедел жәрдем көліктері аттанды.