Исламды қаралағаны үшін айыппұл төлейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Журналистер, сендер ислам мәдениетінде әйел зорлау қалыпты жағдай саналатынын қашан түсінесіңдер? Швецияда әйел зорлау фактілері Солтүстік Африка елдері мен Таяу Шығыстан келген мигранттардың көбеюіне орай еселеніп отыр" деген сөзі үшін швед саясаттанушысы Михаель Гесс айыппұл төлейтін болды.
Бұл туралы muslim.kz жазады. Қазір ол осылай жазғанын толықтай мойындап, соттың шешімімен шыққан 32000 кронды айыппұл ретінде төлейтін болды.