Исламдық қаржыландыруды Қазақстанда инфрақұрылымдық құрылыстарға тартуға болады - сарапшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Сукук сертификаттары (ислам құнды қағаздары) индустриялық жобаларды ортамерзімді қаржыландыру тетігі ретінде қарастырылуы тиіс.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Ислам қаржысын дамыту қауымдастығы президентінің орынбасары Заратқазы Нүрпейісов мәлім етті.

«Қазақстанда Сукук сертификаттары индустриялық жобаларды ортамерзімді қаржыландыру тетігі ретінде қарастырылуы тиіс. Сондықтан да мемлекеттік және жеке компаниялармен айналымға шығарылған ислам құнды қағаздарын орналастыруды бәрінен бұрын теңгемен бастау қажет. Себебі, бұл қадам Қазақстандық қор биржасында валюталық тәуекелдерге тәуелді болмас үшін керек, сонымен қатар бұл тұрғыда барлық жағдайлар бар»,-дейді З. Нұрпейісов.

Оның айтуынша, Таяу Шығыс, Малайзия, Индонезия, Иран және басқа да мемлекеттерде инфрақұрылым құрылысы мен кәсіпорындарды сауықтыру көбінесе исламдық қаржыландыру моделін пайдалану есебінен жүзеге асырылады.

«Индустрияландыру бағдарламасы мемлекет тарапынан активтерді бөлуді білдіреді, яғни осы орайда табиғи байлық инфрақұрылымдық құрылысқа және экономиканың шикізаттық емес секторын күшейтуге бағытталады. Бұл бағытта исламдық қаржыландыруды белсендірек пайдалануға болады. Осында инвестициялардың мерзімі, активтердің құрылымы мен жобаның негізі нақты келісіледі»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар
telegram