Ислами «мегабанк» құрылады

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Turkiye Finans банкінің бас менеджері Дериа Гүрерк алдағы уақытта халықаралық ислами «мегабанк» құрылатынын жария етті.  
None
None

Оның құрылымы Еуропалық қайта құрылымдау және даму банкіне ұқсас етіп жасалмақ.

Қазіргі уақытта мұндай банкті құрудың қажеттілігі қатты сезіліп тұр. Аталмыш банк үш бағытта жұмыс істейді: өтімділік, инфрақұрылым инвестициясы және капиталды инвестиция.

Банктің жарғылық қоры 1 млрд доллар болуы мүмкін. Осы қаражаттан аса ірі әрі ұзақ мерзімді, соның ішінде, инфрақұрылымға әрі капиталдық инвестицияға арналған 10 млрд долларға ислами құнды қағаз саналатын «сукук» шығарылады.

Бас менеджердің айтуынша, банк құрылымы және оның несиелеу шарты шариғат талаптарына сай жүргізіледі. Бұл туралы muslim kz. хабарлады.

Соңғы жаңалықтар