Исландия ЕО-ға кіруден бас тарту туралы шешімін күзге қалдырды
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Исландия үкіметі Исландияның ЕО-ға кіруден бас тарту туралы белгілі даулы жобасы туралы шешімін күзге дейін кейінге қалдырды, деп хабарлады еуропалық БАҚ.
Еуропалық депутаттар Исландияның еуроскептикалық үкіметіне алдыңғы үкіметтің ЕО-ға мүшелікке 2009 жылы берген өтінімін кері қайтарып алуға мүмкіндік беретін қарарды қабылдауды болдырмау үшін ақпанның аяғынан бастап бар мүмкіндікті қарастырып бақты.
Ағымдағы жылғы наурыз бен сәуірде Исландияда елдің басқарушы партияларын аталмыш мәселені референдумға қоюға шақыратын мыңдаған жобалар өтті. Осыған орай жұртшылықтың қысымына байланысты, ЕО-ға мүшелікке өтінімді кері қайтарып алу туралы мәселе осы жылдың күзіне қалдырылды. Исландия үкіметі парламенттегі жазғы каникулдан кейін аталған жоба бойынша келіссөздерді қайта қозғауға шешім қабылдады.
Сонымен қатар, жүргізілген сауалнамада Исландия тұрғындарының көпшілігі Еуроодаққа қосылуға қарсы екендіктерін білдірді. Ал ағымдағы жылғы мамырдың басында жүргізілген сауалнама исландықтардың 37 пайызы ЕО-ға қосылуды жақтағанын, 49 пайызы қарсы екендігін көрсетті.