Исландия СІМ американ елшісін WikiLeaks ісі бойынша түсінік беруге шақырды

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Рейкьявиктегі АҚШ елшісі Исландия Сыртқы істер министрлігіне WikiLeaks ісімен айналысушы американдық тергеушілердің мүдделері бойынша түсінік беруге шақырылды.

Исландия СІМ американ елшісін WikiLeaks ісі бойынша түсінік беруге шақырды

Бұл Исландия парламентінің депутаты Биргитта Йонсдоттирдің Twitter есепті жазуындағы мәліметтерге байланысты болып отыр. Бұл туралы Исландия Сыртқы Істер министрлігінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап Associated Press агенттігі хабарлайды. Бұрын Б.Йонсдоттир осы даулы сайтта қызмет істеген.

Ресми Рейкьявиктің ашуы, әсіресе, БАҚ беттерінде АҚШ соты елдің Әділет министрлігінің сұрау салуы бойынша, Twitter микроблогтер сервисіне тергеушілерге оның ішінде WikiLeaksтің негізін салушы Джулиана Ассанж пен оның жақтастарына қатысты, атап айтқанда, Б.Йонсдоттирге қатысты өзіндік жеке ақпараттар беруге бұйрық берді дегеннен кейін күшейіп кеткен.