Исландияда 600 мың жылдан кейін Фаградальсфьядль жанартауы оянды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Рейкьявиктен небәрі 30 шақырым жерде Фаградальсфьядль жанартауы қайтадан атқылай бастады. Ол 600 мың жыл бойы белсенділік танытпаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

2021 жылы жер бетінде жарықшақ пайда болып, одан лава 100 метр биіктікке атқылаған. 10 айдан кейін жанартау қайтадан оянып, туристер үшін тартылыс нүктесіне айналды.

Исландия қарама-қарсы бағытта қозғалатын Еуразиялық және Солтүстік Американың тектоникалық плиталарының арасында орналасқан. Сондықтан бұл арал – әлемдегі жанартау белсенділігі жоғары және жиі жер сілкінісі болып тұратын жер.

Исландияда жүзден астам жанартау бар, олардың 25-і соңғы мың жылда белсенді болды.





Фото: ru.euronews.com

Соңғы жаңалықтар