Исландияда Boeing-767 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды
АСТАНА. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат - Американдық United Airlines компаниясына қарасты және Лондоннан Чикагоға баратын 949-шы рейсті орындаушы Boeing-767 әуе лайнері Исландияда Кефлавик халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиғаға ұшқыштар кабинасынан шыққан түтін себеп болған. Ұшақ аман-есен жерге қонғаннан кейін, техникалық қызметтер ақаудың себебін іздестіруге кіріскен. Ал жолаушылардың артынан басқа ұшақ жіберілген.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы ұшақ апаты шілденің 16-сында Иранның солтүстік-батысында болған еді. Caspian Airlines компаниясының бортында 168 адам болған Ту-154 жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Алдын-ала мәліметтер бойынша, жерге апатты жағдайда қонуға бет алған ұшақ аспанда өртене бастаған.