Исландияның оңтүстік-батысында жанартау атқылап жатыр

Исландияның оңтүстік-батысында жанартау атқылап жатыр
Фото: pexels.com

Исландияның оңтүстік-батысындағы Рейкьянес түбегінде бірнеше күшті жер сілкінісінен кейін жанартау атқылады. Kazinform бұл туралы ВСС-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұған дейін Гриндавик балықшылар қаласынан 4 мыңға жуық адам эвакуацияланып, жақын маңдағы «Көгілдір лагуна» геотермалдық курорты жабылған болатын.

Жанартау атқылауы Гриндавиктен солтүстік-шығысқа қарай 4 шақырым жерде жергілікті уақыт бойынша 22:17-де басталды, деп хабарлайды Исландияның метеорологиялық басқармасынан. Мамандар сондай-ақ сейсмикалық белсенділіктің қалаға қарай жылжып жатқанын қосып өтті.

Жанартаудағы жарықтың ұзындығы шамамен 3,5 шақырымды құрайды, лава секундына шамамен 100-200 текше метр жылдамдықпен ағып жатыр, деп қосып өтті департаменттен.

Исландия метеорологиялық бюросынан атап өткендей, бұл соңғы жылдардағы Рейкьянес түбегінде болған жанартау атқылауынан бірнеше есе көп екенін атап өтті.

Қазан айының соңынан бері ел астанасы Рейкьявик маңындағы аймақта сейсмикалық белсенділік күшейіп, онда мыңдаған жерасты дүмпуі тіркелді.

Жағалау күзетінің тікұшағы атқылаудың нақты орны мен көлемін растау үшін аймаққа жіберілді, деп хабарлады Исландия метеорологиялық бюросынан.

Соңғы жаңалықтар
telegram