ИСО стандарттарын енгізген кәсіпорындар дағдарыс кезінде атқарылуы тиіс мәселелердің барлығын орындап отыр ? Н.Ысқақов

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «ИСО 14001 халықаралық стандарттарына сай экологиялық менеджмент жүйесі енгізілген кәсіпорындар бүгінгідей дағдарыс кезінде атқарылуы тиіс мәселелердің барлығын толығымен орындауда.
None
None
Олардың қатарында энергия үнемдеу мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және оны оңтайландыру сияқты шараларды атауға болады» дейді Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов. Бұл туралы ол бүгін аталмыш мәселеге байланысты журналистермен болған кездесуі барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрдің айтуынша, осыдан бір жыл бұрын министрлік ИСО 14001 халықаралық стандартын енгізу мүмкіндігіне ие болған. Осыған орай министрлік аталмыш стандартты, басқаша айтқанда экологиялық менеджментті ведомствоға қарасты барлық кәсіпорындарға енгізуі қажет болатын. «Өздеріңізге белгілі ИСО900 стандарты өнім сапасын, 14001 экологиялық менеджментті, ИСО18000 еңбек қауіпсіздігі мәселелерін қамтиды. Баршаға аян, біз 2007 жылы қоршаған ортаны қорғауға байланысты арнайы коэфицент енгізген едік. Соған сәйкес осы жүйені енгізген кәсіпорындар халықаралық талаптарды орындаған болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі ИСО14000 стандартына лайықты деп табылған алғашқы мемлекеттік орган болғандықтан, біз бұл жүйемен жұмыс істеуді министрліктің өзінен бастадық», - дейді министр.Оның айтуынша, министрлік жыл басында Үкімет басшысының қатысуымен алқа мәжілісін өткізіп, онда дағдарысқа қарсы шаралардың барысымен таныстырған. «Бұл шаралардың басым бөлігі де осы стандарттар негізінде жоспарланды. Қазіргі таңда Парламентте осы мәселемен байланысты өте маңызы екі құжат талқылануда. Олар энергия үнемдеу жұмыстарының құқықтық негіздерін қамтиды. Сонымен қатар құжаттардың бірі елімізге экологиялық тұрғыдан тиімсіз, ескірген технологияларды әкелуге тиым салатын болса, екінші құжат, яғни Киото хаттамасы еліміздің экономикасына энергия үнемдегіш технология мен техниканы енгізуді қарастырады», - деді Н.Ысқақов.Журналистермен кездесу барысында ТЮВ СЮД компаниясының өкілдері Қоршаған ортаны қорғау министрлігіндегі экологиялық менджментке жүргізілген аудит жұмыстарының барысымен таныстырды.
Соңғы жаңалықтар