Испан археологтары Римде Юлий Цезарьдың өлтірілген нақты жерін тапты

Бүгін жергілікті БАҚ-ның хабарлауынша, Помпей бірінші тас театрының орнындағы қазба жұмыстарын жүргізу кезінде ғалымдар ғимараттың ішкі құрылыстарына жатпайтын және Антика заманындағы ұлы адамдардың біріне орнатылған ескерткішке ұқсайтын цемент плитасын тапты.
Мамандардың пікірінше, ені үш метр, биіктігі екі метрлік ескерткіш Цезарьдің өлтірілген жерінде оның шөбере ұлы мен мұрагері - император Август билікте отырған кезде орнатылды. Плитаның орналасуы тарихшылардың Цезарьдың Сенат отырысында төраға болып, дәрежесі бойынша тиесілі орында өлтірілгені туралы теорияны растайды.
Өз заманының танымал саяси қайраткері, қолбасшысы және жазушысы Гай Юлий Цезарь біздің дәуірімізге дейінгі 44 жылдың 15 наурызында Сенат отырысы кезінде қастандық жасаушы республикашылардың қолынан қаза тапты. Ғалымдар алдын ала келісушілік бойынша қастандық жасаушылардың әрқайсысы оны хатқа арналған өткір ағаш таяқшасымен бір рет болса да ұруға тырысқан.
Өлімнен кейін көне Рим диктаторының денесінде 23 түйрелген жарақат анықталды. Бүгінде Цезарьдыңархеологтар анықтаған орында ауыр соққыдан немесе қан құйылуынан қаза тапқаны белгісіз болуда.