Испан футболшылары «смокинг» киеміз деп, күлкіге қалды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аса көзге түсе қоймайтын кейбір футбол клубтары елден ерекше көріну үшін нешетүрлі қадамдарға барады. 

Испан футболшылары «смокинг» киеміз деп, күлкіге қалды (ФОТО)

Соның бірі - Испандық футбол дивизионында үшінші болып, Segunda B-да өнер көрсететін леондық «Культураль и Депортива Леонеса» клубы. Жұртты елең еткізбек болған клуб жақында жанкүйерлерінің наразылығына қалды, деп жазады шетелдік БАҚ. 

Ақпарат көзінің жазуынша, олар шеберліктерімен емес, жаңа спорттық киіммен көзге түскісі келген болса керек. Футболшылардың сәнді костюм үлгісінде тігілген футболкамен алаңға шыққанын жұрт жақтырмаған. 

Жаңа дизайн туралы әлеуметтік желілерде әртүрлі пікір жазылып, көп талқыланған. Клуб жанкүйерлеріне олардың мұндай маркетингтік қадамы тіпті, ұнамаған сыңайлы. Көпшілігі мұны әзілге айналдырып, мазақ қылды, делінген мақалада.