Испан сұлуы «Әлем аруы-2015» атанды, қазақстандық Р. Вандышева ТОП-20-да (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Хайнань аралында «Әлем аруы-2015» конкурсының финалдық сыны өтті.

Испан сұлуы «Әлем аруы-2015» атанды, қазақстандық Р. Вандышева ТОП-20-да (ФОТО)

Тартысты додада 23 жастағы Испан сұлуы Мирея Лалагуна Ройо «Әлем аруы-2015» атанды.

Екінші орынды «Ресей аруы» София Никитчук еншілесе, үшінші орынды индонезиялық сұлу Мария Харфанти қанжығалады.

Біздің 23 жастағы жерлесіміз Регина Вандышева 13 орынға табан тіреп, үздік 20-ның қатарына енді.

Испан сұлуы Мирея Лалагуна Ройо «Әлем аруы-2015» «Ресей аруы» София Никитчук индонезиялық сұлу Мария Харфанти