Испандық археологтар жартасқа суреттер салынған палеолит дәуіріндегі үңгірді тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испандық археологтар ерекше суреттер салынған палеолит дәуіріндегі үңгірді тапты, деп хабарлайды The Guardian.
None
None

Басков елдерінің солтүстігіндегі жер астындағы Атксурра (Atxurra) үңгіріндегі жартастардан 70-ке жуық бейнелер табылды. Суреттер аттарды, бұқаларды, ешкілер мен бұғыларды бейнелеген. Тарихшылардың пікірінше, бұлар 12,5 - 14,5 мың жыл бұрын салынған. Айта кетер болсақ, үңгірді 1929 жылы тапқан болатын, оны зерттеумен 1934-35 жылдары ғана шұғылдана бастады. Бірақ ол шақта ғалымдар еш нәрсе таппаған еді. Археологта тек 2014 жылы ғана жұмысты қайта жандандырды.

Сарапшылардың сөзеріне қарағанда, жартастағы суреттер Испаниядағы үңгірлерден табылған бұған дейінгі суреттер тәрізді танымал болады деп айтуға әлі ерте. Бріақ олар бұған нық сенімді. Дегенмен Атксурра үңгіріне жету өте күрделі. Содан да болар жұртшылықтың көру үшін ашыла қоюы да неғайбіл.

Бір қызығы, археолгтар бұқа бейнеленген, оның денесіне жиырма найза қадалған суретке баса назар аударып отыр. Әдетте, аң аулау кезін көрсеткен суреттерде төрт немесе бес найза салынатын, ал мұнда олардың саны 20. Ғалымдар осыған жауап таба алмай отыр.

Соңғы жаңалықтар