Испандық полиция қолды болған әлемдегі ең ежелгі жол көрсетушіні тапты

None
None
АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Испания полициясы ең ежелгі жол көрсетуші болып табылатын ХІІ ғасырдағы « і» деп аталатын манускриптті тапты.

Ежелгі қолжазба шағын испан қалашығындағы гараждардың бірінен табылды.

Lenta.ru хабарлағандай, табылған манускрипт газеттермен бірге полиэтиленді қалтаға оралғандықтан жақсы сақталыпты. Гараж Сантьяго-де-Компостеладағы Иаков шіркеуінде 25 жыл жұмыс істеген электр жөндеушісіне тиесілі екен. Құнды құжат бір жыл бұрын жасалған ұрлыққа дейін сол шіркеуде сақталған.

«Каликст Кодексі» ұрланғаннан кейін электр жөндеушісін қамауға алған. Онымен бірге әйелі, ұлы мен сол отбасыға келіп-кетуші әйел қамауға алынды.

Айта кетейік, «Каликст Кодексін» ХІІ ғасырда ІІ Каликст папа жазған. Жол көрсетуші бес кітап пен 225 пергамент қағаздарындағы екі қосымшадан тұрады. Құжатта қасиетті Иаковтың апостол Иаковтың зиратына жету жолдары көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар