01:26, 30 Қазан 2015 | GMT +5
Испания әуекомпаниясы Израильді Палестина деп айтқан ұшқыш үшін кешірім сұрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның «Iberia» әуекомпаниясы жолаушылардың арызы бойынша Тель-Авивтегі Бен-Гурион әуежайына қонарда «Палестинаға келдік» деп хабарлаған ұшқыштың әрекетіне тексеріс жүргізетінін хабарлады, деп жазады «ВВС» агенттігі.
Жолаушылардың айтуынша, «Палестинаға келдік» деген хабарды ұшқыш ұшақты қондырар алдында испан тілінде айтқан, кейін ағылшын тілінде қайталағанында айтпаған. Әуекомпанияның баспасөз қызметі мәселеге қатысты ұшақ экипажы тескеріліп жатқанын хабарлады. Алайда, Iberia әуекомпаниясы оқиғаға байланысты әлі ақ-қарасы анықталмаса да, жолаушылардан алдын ала кешірім сұрады.