Испания бюджет тапшылығын қайта қарастырады
АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат - Испанияның Қаржы Министрлігі бюджет тапшылығын 8,5 пайыздан 8,9 пайызға дейін көтеру жоспарын қайта қарайтындарын жариялады, деп хабарлайды Хабар телеарнасы Ассошиетед пресс агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған шығынның шамадан тыс көп болуы себеп. 2012 жылдың бірінші тоқсанында Испанияның Ішкі Жалпы өнімі 0,3 пайызға қысқарған. Екінші тоқсанда да құлдырау байқалады. Яғни елде рецессияның екінші кезеңі басталып жатыр. Бұған еңбек нарығындағы жағдай себеп. Испанияда алты миллион халық жұмыссыз. Ел басшылығы биылғы жылы бюджет тапшылығын ішкі жалпы өнімнің 5,3 пайызына дейін қысқарту үшін қатаң үнемдеу шараларын қолға алған. Сарапшылардың пікірінше, дағдарысқа сондай-ақ, кіріс салығының өсуі, сұраныс белсенділігінің төмендеуі мен қаржы нарығындағы жалпы тұрақсыздық да түрткі болуда.