Испания Денсаулық сақтау министрі жемқорлыққа байланысты қызметінен кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның Денсаулық сақтау министрі Ана Мато отставкаға кетті. Судья оны заңсыз келісімдерден пайда тапты деп айыптады. Бұл туралы ВВС хабарлады.
None
None

Оның күйеуі де жемқорлық іске қатысты дауға шырмалған. Нақтырақ айтқанда, елдегі жетекші Халықтық партиямен байланысты өте ауқымды сыбайлас жемқорлыққа қатысты қозғалған істе оның күйеуі Хесус Сепульведаның да аты аталады. Бірақ, Матоның өзі ол іске қатысты емес екенін мәлімдеді. Ол өз сөзінде ешқандайда қылмысқа қатысы жоқ екенін айтып, отставкаға мемлекеттің мүддесі үшін кетіп бара жатқанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар