Испания гран-приінде қазақстандық балуандар грек -рим күресінен 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды

АЛМАТЫ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Мадрид қаласында өткен Испания гран-приінде қазақстандық балуандар  грек-рим күресінен  2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күрестері федерациясының интернет сайтына сілтеме жасап.

Күрестің үш түрі бойынша өткен бұл дүбірлі додаға 30 елден 250 балуан қатысқан болатын. Онда грек-рим күресінің шеберлерінен Асхат Құдайбергенов (55 килә) пен Дархан Баяхметов (66) турнир жеңімпазы атанды. Ақтық сында өз отандасы Асхат Құдайбергеновке ғана ұтылған Марат Гарипов күміс жүлдеге ие болды. Ал Шыңғыс Қайырмағамбетов (66) пен Ербол Райымбеков (84) қола медаль олжалады.   

Ұлттық құраманың мүшелері  шілденің 14-інен 15-іне қараған түні елге оралмақ.

Соңғы жаңалықтар