Испания ханшайымы Кристина сот алдында жауап беретін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испания королі VI Филипптің қарындасы Кристина ханшайым алаяқтақтық жасауы мүмкін деген күдікпен сот алдында жауап береді, деп хабарлады ВВС.

Испания ханшайымы Кристина сот алдында жауап беретін болды

Мұндай шешімді Балеарск аралдарының Жоғарғы соты қабылдады. Бұл -Испанияның жаңа тарихындағы тұңғыш оқиға.

Кристнаның күйеуі гандбол бойынша олимпиада чемпионы Иньяки Урдангарин алаяқтық қылмыс бойынша басты күдікті болып отыр.