Испания ханшайымы сот алдында жауап береді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испания королі Хуан Карлостың кіші қызы бүгін сот алдында жауап бермек, оның күйеуіне алаяқтық және ақшаның ізін жасырды деген күдік тағылды.
Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлауда.
Куәгерлердің айтуынша, ханшайымның күйеуі дон Иньяки Урдангарин қолды болған ақшаны мемлекеттік қазынадан Aizoon жалған фирмасы арқылы алуы мүмкін. Осылайша король отбасы мүшелері қоғамдық қордан миллиондаған долларды ысырап қылуы мүмкін.
Корольдің жақын туысын қылмыс жасады деген күдікпен сотқа шақыру Испанияның жаңа тарихындағы алғашқы оқиға. Кристина ханшайым ештеңені жасырмайтындығын айтып, өз еркімен жауап беруге келісімін берді.