Испания Қазақстанға сотталған адамдарды беретін болды - Парламент

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заңы қабылданды.
None
None

Қазақстан мен Испания арасындағы осы келісімге былтырғы жылдың қарашасында Мадрид қаласында қол қойылған. Аталған құжат уағдаласушы тараптардың азаматтарын өздері азаматы болып табылатын мемлекетте жазасын одан әрі өтеу үшін беру мәселелерін реттеуге бағытталады. Бұған үкімді шығарушы мемлекет немесе үкімді орындаушы мемлекет беруге бастамашылық жасай алады.

Бұл ретте тараптар сотталған адамдарды беруге қатысты бір-біріне барынша жәрдем көрсетуге міндеттенеді. Үкімді шығарушы мемлекет немесе үкімді орындаушы мемлекет бастамашы бола алады. Үкімді шығарушы мемлекет шығарған үкім орындаушы мемлекетте қатаңдатыла алмайды, сонымен бірге мемлекеттерде тағайындалған жаза өзінің сипаты мен ұзақтығы бойынша өзгертілмейді. Дегенмен, үкімді шығарушы мемлекет немесе оның келісімімен үкімді орындаушы мемлекет оған заңды негіздер болғанда рақымшылық жасауды, кешірім жасауды немесе жазаны жеңілдету жөніндегі өзге де шараларды қолдана алады.

Соңғы жаңалықтар