Испания - Қазақстанмен қылмыскерлерді ұстап беру туралы шарт жасасқан Еуропадағы тұңғыш ел

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар «Қазақсан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заңы қабылданды.
None
None

Тоқтала кететін жайт, Испания Қазақстанмен осындай шарт жасасқан Еуропа елдерінің арасындағы тұңғыш мемлекет болып табылады. Шарт тараптардың құзыретті органдары арасындағы қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін немесе ұстап беруге әкеп соғатын қылмыстар үшін сот үкімін орындауда іздеудегі адамдарды беру мәселесі бойынша қарым-қатынастарды реттейді. Бұл ретте шарт қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген, сонымен бірге жазаны өтеуден жалтарып жүрген адамдарды ұстап беру мәселелерін қарастырады. Шарт бойынша ҚР Бас Прокуратурасы құзыретті орган болып табылады. Бас Прокурордың орынбасары Иоган Меркельдің айтуынша, құжаттың қабылдануы екі мемлекет арасында қылмыскерді ұстап беру рәсімінің жақсаруына сеп болмақ. Оның айтуынша, бұндай шарттарды Қазақстан сегіз мемлекетпен жасасқан. Бұл ретте тараптар жазбаша сұрау салу бойынша бір-біріне өздерінің аумағында қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген, сондай-ақ жазасын өтеуден жалтарып жүрген адамдарды ұстап беруге міндеттенеді. Заңнамада ұстап беру мен одан бас тарту үшін нақты негіздер көзделген.

«Шартты ратификациялау екі тарапқа адамдарды ұстап беру мәселелерінде бірыңғай келісілген саясатты әзірлеуге, сондай-ақ екі мемлекет арасындағы ұстап беру рәсімін жақсартуға мүмкіндік береді», - дейді И. Меркель.

Соңғы жаңалықтар