Испания королі Хуан Карлос өз жалақысын 20 мың еуроға қысқартады

АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат - Өз елдегі ауыр экономикалық жағдайға байланысты Испания королі Хуан Карлос өз жалақысын 20 мың еуроға қысқартпақ.

 Испания королі Хуан Карлос өз жалақысын 20 мың еуроға қысқартады

Бұрын ол 300 мың еуро алса, енді оның айлығы 280 мың еуро болады.

1tv.ru ақпараты бойынша, Хуан Карлосқа оның отбасы мен премьер бастаған министрлер де қосылды. Дегенмен үкіметтік қызметкерлер монархия тұлғаларына қарағанда аз жалақы алады.

Айта кетейік, король тегіне испандықтар жыл сайын шамамен 8,5 миллион еуро жұмсайды. Ал ел азаматтары болса өз кірістерінің азайғанына қарсылық танытып, Мадрид пен Испанияның өзге қалаларында наразылық шерулеріне шығуда