Испания королі парламентті таратып жаңа сайлау тағайындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Король VI Фелипе бір шешімге келуді сұрап парламентпен бірнеше рет келіссөздер жүргізген, деп хабарлады Reuters.

Испания королі парламентті таратып жаңа сайлау тағайындады

Испания королі VI Фелипе парламентті тарату және 26 маусымда жаңа сайлауды өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұған желтоқсанда тағайындалған депутаттардың жаңа премьер-министрдің кандидатурасы бойынша бір пәтуаға келмеуі себеп болды.

Конституцияға сәйкес король премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады және парламентті тарата алады. Ол 2 мамырда жаңа үкіметті тағайындау мерзімі аяқталған соң парламент спикері Пачи Лопестің қатысуымен тиісті құжатқа қол қойды.

"Келесі парламент бұдан сабақ алып, үкімет мәселесі бойынша тезірек шешім қабылдайды деп үміттенеміз", - деді Лопес баспасөз мәслихатында.

Испания осыған дейін сайлауды екі рет өткізбеген.