Испания құрамасын әлем чемпионы еткен бапкер үздік атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Де ла Фуэнте маусымның үздік футбол жаттықтырушысы атанды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Луис де ла Фуэнте
Фото: instagram.com/luisdelafuentee

Испания құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуэнте France Football журналының нұсқасы бойынша 2025/26 маусымының үздік жаттықтырушысы деп танылды. Марапаттау рәсімі Лондонда өтіп жатыр.

Өткен маусымда де ла Фуэнтенің жетекшілігімен Испания құрамасы әлем чемпионатын екінші рет жеңіп алды. Бұған дейін испандар мұндай жетістікке 2010 жылы Висенте дель Боске баптаған кезде қол жеткізген еді. Сондай-ақ Испания құрамасы қатарынан жеңіліссіз өткен матчтар саны бойынша абсолют рекорд орнатты. Қазір бұл көрсеткіш 42 матчқа жеткен.

65 жастағы де ла Фуэнте 2022 жылдан бері Испания құрамасын жаттықтырып келеді. Оның жетекшілігімен команда 2024 жылы Еуропа чемпионатында, ал 2023 жылы Ұлттар лигасында жеңіске жетті.

Бұған дейін маман Испанияның түрлі жас санатындағы құрамаларында жұмыс істеген. 2015 жылы ол 19 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы Еуропа чемпионатында, ал төрт жылдан кейін 21 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы құрлық біріншілігінде командасын жеңіске жеткізді.

Бұдан бұрын «Атлетико Мадрид» Қазақстандағы футбол академиясының болашағын жоғары бағалағанын жазғанбыз.