14:34, 17 Наурыз 2013 | GMT +5
Испания мемлекеттік шығындарды 65 млрд. еуроға қысқартпақ
АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Мадридте жүздеген адам Еуропалық одақтың қаржы дағдарысына байланысты жасаған қысымына қарсылықтарын білдіруде. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Наразы топ биліктегі Мариано Рахойдың саясатына қарсы шығып, өз құқықтарын сақтауды талап етуде. Испания 2014 жылға дейін мемлекеттік шығындарды 65 миллиард еуроға қысқартуды жоспарлаған болатын. Жиналған жұрт «билік халықтың емес, банкілердің мүддесін қорғайды» деп сынады. Қазір елдегі жұмыссыздық деңгейі 26%-ға жеткен. Бұл 1970 жылдан бері жоғарғы көрсеткіш болды. Испаниядағы жұмыссыздық Еуропа елдерінің ішінде алдыңғы қатарда тұр.