Испания мен Мавритания заңсыз көші-қонмен күресу туралы келісімге қол қойды
АСТАНА. KAZINFORM – Испания Мавританиямен Канар аралдарына заңсыз көші-қонмен күресу бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Euronews.

Испания премьер-министрі Педро Санчестің мәлімдеуінше, елге мигранттар қажет. Сондықтан онымен күресуді мақсат етпейді, тек бұл процесті бақылаудың жолдарын іздеуді қолға алғалы отыр.
«Көші-қон – проблема емес, ол белгілі бір мәселелерді тудыратын қажеттілік. Біз гуманистік, қауіпсіз және тәртіпті түрде бақылауға мүмкіндік беретін жолдарды іздеуіміз керек», - деді Испания премьер-министрі.
Бірнеше күн бұрын Санчес қатты қысымға ұшыраған Канар аралдарына барды: қаңтардан тамыз айының ортасына дейін ол жерге 22 мыңнан астам адам келді. Олардың төрттен бір бөлігі – кәмелет жасқа толмағандар. Мадрид мигранттарды қоныстандыру үшін Канар аралдарына 50 млн еуро бөлді.
Канар аралдары – Батыс Африкадан келген мигранттар үшін негізгі транзиттік нүктелердің бірі. Сол үшін Испания үкіметінің басшысы үш күндік сапармен осы аймақтың бірнеше штатын аралады.