Испания мен Португалиядағы дауыл сегіз адамның өмірін қиып кетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Испания мен Португалия және Францияның оңтүстігінде болған дауыл салдарынан сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат France Press агенттігіне сілтеме жасап.
Испанияда алты адам, Португалияда екі адам ажал құшты. Қолайсыз ауа райынан ел астанасы мен екінші үлкен қала Порту арасындағы теміржол қатынасы тоқтады.
«Эльза» дауылы өзендердің тасуына соқтырды, электр беру желілері құлап, сонымен қатар әуе және теміржол бағыттарында қиындықтар туындады. 14 әуе рейсі тоқтатылып, Галисияда 8 мыңға жуық үй жарықсыз қалды. Аймақта қауіптің қызыл деңгейі жарияланды.