Испания мұражайында 900-дей өнер туындысы жоғалған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испания астанасы Мадридтегі Прадо мұражайында жүргізілген тексеріс кезінде 885 өнер туындысы жоғалып кеткені анықталды, деп хабарлады РИА Новости.
Аудиторлар соты музей әкімшілігіне жоғалған картиналарды табуды міндеттеді.
Әлемдегі ең ірі мұражайлардың бірі саналатын Прадо музейінде 27,5 мың өнер шығармасы бар.
2012 жылы мұражай 176 картинаны өзге мекемелерге үлестіріп берген. Сол жылы шетелдердегі көрмелерге 288 туынды шығарған.