Испания мұражайында балаларға түнеуге рұқсат етілмек

АСТАНА. Қазанның 24-і. ҚазАқпарат - Испанияның Валенсиядағы «Өнер мен ғылымның шаһары» («Ciutat de les Arts i les Ciencies») мұражай орталығында қарашаның 21-нен бастап балаларға арналған «Мұражайдағы түн» деп аталатын бағдарлама басталады,

Испания мұражайында балаларға түнеуге рұқсат етілмек

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.

9-дан 12 жасқа дейінгі балалардың орталықта түрлі істермен айналысуларына, ал одан кейін шатырларда түнеп шығуларына мүмкіндіктері болады.

Ғылым мұражайында балаларға кешкі ас беріледі, аңызға айналған қаһармандар туралы интерактивті көрмелер бойынша сурет салуға, саяхаттауға және аса үлкен «Хромосом орманындағы» қазынаны іздеуге рұқсат етіледі.

Бағдарлама мектеп оқушыларының демалыс күндерін қоспағанда аптасына екі рет - бейсенбі және сенбі күндері жұмыс істейтін болады. Мектеп жасына дейінгі балалар мұражайға ересектердің бақылауымен жіберіледі. «Мұражайдағы түн» бағдарламасына қатысу 65 еуро тұрады.