Испания премьер-министрінің ұшағы шұғыл жағдайда қонды
АСТАНА.KAZINFORM - Техникалық ақауға байланысты Арменияға бара жатқан премьер-министр Педро Санчес мінген ұшақ Түркияға апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды El Nacional.
Премьер-министр делегациясымен бірге VIII Еуропалық қоғамдастық саммитіне қатысу үшін Ереванға бара жатқан. Алайда техникалық ақауға байланысты ұшақ Анкараға қонды. Онда испан делегациясы түнеп, дүйсенбі күні таңертең Арменияға ұшты.
Испания премьер-министрінің ұшағындағы техникалық ақау түні бойы жөнделді. Ұшақ дүйсенбі күні таңертең Анкарадағы Эсенбога әуежайынан ұшып кетті.
Еуропалық қоғамдастық саммитінің пленарлық отырысына және «Демократиялық төзімділік және гибридті қауіптер» атты дөңгелек үстел талқылауына қатысқаннан кейін Санчес бүгін Мадридке оралуы тиіс.
Бұған дейін Қырғызстан аумағына ресейлік ұшақтан екі оқ-дәрі түскенін хабарлаған едік.