Қырғызстан аумағына ресейлік ұшақтан екі оқ-дәрі түскен

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстандағы Ыстықкөл облысында ресейлік әскери ұшақтан екі оқ-дәрінің түсу фактісі тіркелді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.

Два боеприпаса выпали с российского военного самолета в Кыргызстане
Фото: АКIpress

Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 31 наурыз күні сағат 17:25 шамасында Канттағы ресейлік авиация базасының Су-25 ұшағы оқу-жаттығу ұшуларын орындап жатқан. Ұшақ оқу мақсатындағы авиациялық оқ-дәрілерді қолданған. Үшінші оқу маневрі кезінде екі оқ-дәрі байқаусызда құлап, бос жерге түскен.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ және материалдық зиян болмаған. Ресей Федерациясының Әуе-космостық күштерінің арнайы комиссиясы жақын арада барып, тексеру жүргізеді.

Қырғызстан қорғаныс ведомствосының басшысы шешімімен оқу-жаттығу ұшулары оқиғаның себептері анықталмайынша тоқтатылды. Құқық қорғау органдары мен әскери прокуратура инцидент бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

Бұдан бұрын Қырғызстанда баламалы қызмет пен мобилизациялық резерв ережелері өзгеретінін жазғанбыз.