Испания Сеутаға мигранттардың жаппай өтуіне байланысты қылмыстық іс қозғады

АСТАНА. KAZINFORM - Испанияның Ұлттық соты шілде айының соңында мигранттардың Сеутаға жаппай өтуіне байланысты қылмыстық тергеу бастады, деп хабарлайды Euronews.

Более половины нелегальных мигрантов, перебравшихся из Марокко в испанский город Сеута, вернулись обратно
Фото: Anadolu

Судья Мария Тардон шілде айының соңында мигранттардың Сеутаға жаппай өтуін аумақтық тұтастыққа қарсы қылмыс, абайсызда адам өліміне әкеп соғу және қылмыстық ұйымға қатысу фактілері бойынша тергеп жатыр. Судья Марокко тарапынан үйлестірілген әрекеттердің белгілері бар екенін атап өтті.

Испания Ұлттық сотының судьясы Мария Тардон шілде айында Сеутаға ондаған мың мигранттың келуіне байланысты қылмыстық тергеу бастау туралы шешім қабылдады. Өз қаулысында ол «шетелде жасалған, елімізге жаппай өту арқылы Испанияның аумақтық тұтастығына елеулі нұқсан келтірген қылмыстық әрекеттер» болуы мүмкін екенін көрсетті.

Тардонның бұл шешімі судьяның бұған дейін Ұлттық соттың аумақтық тұтастыққа қарсы қылмыстарды, абайсызда адам өліміне әкеп соғу және ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне қатысты істерді тергеуге құзыреті бар екенін мойындауынан кейін қабылданды. Осылайша ол прокуратураның ұстанымын қолдады.

Сот қаулысында судья 30 және 31 шілдеде болған мигранттардың жаппай келуінің Испанияның аумақтық тұтастығына нұқсан келтіру үшін пайдаланылғанын айтып, бұл процеске Марокко тарапынан «айқын әрі даусыз жәрдем» көрсетілгенін атап өтті.

Тергеу мемлекеттің тыныштығы мен тәуелсіздігіне қарсы ықтимал әрекеттерді, сондай-ақ шетел азаматтарының құқықтарына, абайсызда адам өліміне әкеп соғу және ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне байланысты қылмыстарды қамтиды.

Іс бойынша сот өндірісі прокуратураны қоспағанда, ішінара құпия түрде жүргізіледі. Сондай-ақ судья оқиғаға дейін билік органдарына түскен ескертулерге қандай реакция болғанын және мигранттардың жаппай өтуіне жауап беру үшін бөлінген ресурстардың қалай пайдаланылғанын да тергемек.

Осыған дейін Мароккодан Сеутаға өтпек болған 67 мигрант қаза тапқаны туралы жаздық.

Сондай-ақ мигранттардың Сеутаға заңсыз кіру ісіне қатысты 25 адам сотқа тартылғанын хабарладық.